ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 11 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 11 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
​Тарихы терең Тараз қаласы 2026 жылдың 3-7 сәуір аралығында еліміздің ең білімді жастарының басын қосқан үлкен доданың орталығына айналды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.
Биылғы білім бәйгесінде Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік оқушылар бақ сынасты.
Туған өлкенің намысын қорғаған Жамбыл облысының өрендері биік дайындық пен терең білімдерін көрсетіп, «Ел ертеңі – білімді жастар» екенін іс жүзінде дәлелдеді.
🥇 Жеңіс тұғырында – Жамбыл жастары
Облыс намысын қорғаған 13 оқушының 11-і жүлделі орындарды иеленіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен медальдарын қанжығасына байлады. Нәтижесінде қоржынымыз 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен толықты.
🥇Алтын тұғырдан көрінген жеңімпаздарымыз:
* САБЫРАЛЫ ҒАБИДЕН - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернатынының 10 сынып оқушысы (қазақстан тарихы пәні);
* ҚАНАТ НҰРҒАНАТ - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернатынының 11 сынып оқушысы (қазақстан тарихы пәні);
* ЖҰМАБАЙ ЕРАСЫЛ - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернатынының 11 сынып оқушысы (қазақстан тарихы пәні);
* КОЧКОРБАЕВ САМАТБЕК - Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы #1 гимназияның 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні);
* ҚАШҚЫНБАЙ КӘУСАР - Т.Рысқұлов ауданы, #6 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті пәні);
🥈Күміс алқа иегерлері:
* ШАЙМАХАН ЖАНЕЛЬ – Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
* СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ ЗЕРЕ - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
* АБДАМИТ НҰРАСЫЛ - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернатынының 10 сынып оқушысы (қазақстан тарихы пәні);
🥉Қола медаль жүлдегерлері:
* АЯЗБЕК АРУЖАН - Б.Момышұлы атындағы #45 қазақ классикалық гимназиясының 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті пәні);
* ГАИПОВА МАДИНА - Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы #17 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні);
* ТӨРЕГЕЛДІ ӘЙГЕРІМ - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернатының 9 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
Жеңімпаз оқушыларымыз бен олардың бойына білім нәрін берген ардақты ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас қырандарымыздың қанаты талмасын, алдағы асулары бұдан да биік болсын!