РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ӨҢІРІМІЗДІҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ӨҢІРІМІЗДІҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Астана қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру,дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.
Конкурстың қорытынды кезеңіне жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Жамбыл облысынан 40 оқушы 30 жобамен қатысты.
Нәтижесінде, Жамбыл облысының 22 оқушысы жеңімпаз атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломын және Алтын медалін - 7 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын және Күміс медалін – 10 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын және Қола медалін – 5 оқушы иеленді.
Атап айтсақ:
🥇І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Бақытжан Сырым- Тараз қаласы,
Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп- гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- ⁠Әскербек Арайлым- Тараз қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Момынхан Балнұр- Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Мырзағали Әлижан- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Бақытжан Амира- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Сулеймен Ақнұр- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Бимахан Аяулым- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
🥈ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Оршыбек Адия- Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Середенков Артур- Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы № 1 гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Телбай Қайсар- Тараз қаласы, Жамбыл атындағы № 5 мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Гурин Александр- Тараз қаласы, № 23 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Төкен Мансур- Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Жадеев Руслан- Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы № 1 гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Байжанова Амалия- Тараз қаласы, №24 гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Нұрғали Бекзат- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
- Асембай Заңғар- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Ақберген Бекнұр- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
🥉ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Бақытжан Інжу- Тараз қаласы, №64 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Исақан Салтанат- Тараз қаласы, И.Панфилов атындағы №39 мектеп- гимназиясының 9 сынып оқушысы;
- Оңласын Алинұр- Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Алшынбек Арқат- Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Акрамходжаев Альхорест- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Дарын” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
ГРАМОТА ИЕГЕРЛЕРІ:
- Ерсаин Бекасыл- Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Русланқызы Аяулым- Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Бережной Григорий- Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
ГРАНТ ИЕГЕРІ:
- Бақытжан Сырым- Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы- Алматы қаласы, СДУ университетінің 100% гранты!
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!