МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕДХАКАТОН ӨТТІ

МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕДХАКАТОН ӨТТІ

МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕДХАКАТОН ӨТТІ

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 желтоқсанында Тараз қаласындағы №66 орта мектебінің базасында мектеп директорларының өз аймақтарында кездесетін өзекті мәселелерін анықтауға, талдауға және шешуге бағытталған командалық жұмысқа тарту мақсатында облыстық ПЕДХАКАТОН өткізілді.

ПЕДХАКАТОНҒА Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерінен 5 мектеп директорынан құрылған 12 командадан 72 директор қатысты.

Облыстық ПЕДХАКАТОНҒА қатысушылар PEST-талдау (саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды зерттеу) және SWOT-талдау (күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді бағалау) жүргізіп, білім беру ұйымдарына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түсінуге мүмкіндік алды.

Талдау нәтижелерін пайдалана отырып, қатысушылар 3 жылға арналған стратегиялық жоспар әзірледі, ол білім беру ұйымдарын кешенді жетілдіруге немесе олардың белгілі бір бағытын дамытуға бағытталды.

ПЕДХАКАТОНҒА қатысып, тәжірибелерімен бөліскен директорларға және

жеңімпаз командаларына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дипломдары және сертификаттары табысталды:

  1. Бас жүлде – Тараз қаласының «IQ Тараз» командасы;
  2. І дәрежелі диплом облыстық білім басқармасына қарасты мамандандырылған мекемелердің «Cyber қалқан» командасы;
  3. ІІ дәрежелі диплом Байзақ ауданының «EduVision Baizak», Жамбыл ауданының «Өзгеріс агенттері» ж»не Меркі ауданының «M-Leaders» командалары;

ІІІ дәрежелі диплом – Жуалы ауданының «Жуалы», Мойынқұм ауданының «LeaderED» және Сарысу ауданының «Ustaz Hub» командалары.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!