Білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып, жоғары кәсіби шеберлік танытқан педагогтер «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы төсбелгісімен және 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 1 179 600 теңге сыйақымен марапатталды.
Марапат иегерлері:
1. Шынарбекова Мөлдір Қақпанбайқызы – Шу ауданы, Төле би атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2. Рысжанова Гүлназия Молдашқызы – Тараз қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
3. Сейтбаева Гүлсана Байғұтқызы – Т.Рысқұлов ауданы, балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогі;
4. Есіркепова Мадина Набиқызы – Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы;
5. Қуанышева Ғазиза Тілешқызы – Тараз қаласы, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың еңбегі – өңіріміздің білім сапасын арттыруға қосылған зор үлес және жас ұрпақ тәрбиесіндегі үлкен жетістік.