«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсы өтті

«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсы өтті

«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бекітілген 14.10.2025 жылғы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының Ережесіне сәйкес 2025 жылдың 13 қараша күні оқу пәндерінің, элективті, таңдау және арнайы курстарының авторлық бағдарламаларын әзірлейтін педагогтердің озық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсы өткізілді.

Конкурсқа барлығы 70 (қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша – 23, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша – 25, эстетикалық пәндер – 6, психология бойынша – 3, бастауыш сынып  – 7, қосымша білім беру – 3, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - 3) авторлық бағдарлама ұсынылды.

         Конкурс барысында авторлық бағдарламаның элементтері, түсіндірме жазбасы, өзектілігі, жаңалығы, педагогикалық мақсаттылығы, мазмұны, әдістемелік қамтамасыз етілуі т.б. критерийлер бойынша конкурстың жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасының қатысуымен сарапталып, қазылар алқасының шешімімен І орынды 12 педагог, ІІ орынды 19 педагог, ІІІ орынды 22 педагог иеленді.

Педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз!