«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2025-2026 оқу жылына оқушыларды қабылдау туралы хабарлайды Мамандандырылған әскери мектеп-интернаты бұл: ✓ Сапалы білім мен әскери-патриоттық тәрбие. ✓ 7 сыныптан бастап бейінді оқыту. ✓ Оқушылардың функциональдық сауаттылығы. ✓ Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін жүзеге асыру. ✓ Оқушылардың дарындылықтарын дамыту. ✓ Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. ✓ Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің қарулы күштері салаларының жоғарғы оқу орындарының курсанты болу мүмкіндігі. Мамандандырылған әскери мектеп-интернатының ерекшеліктері: - Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер, информатика, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. - Әскери, спорттық, музыкалық бағыттағы үйірмелер жүргізіледі. - Оқушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі. - Күніне 5 рет тамақтандыру қарастырылады. - Әскери мектеп формаларымен қамтамасыз етіледі. (Ескерту: тамақтандыруға жұмсалатын қаражаттың 20% ата-ана есебінен төленеді, сондай-ақ, әскери сөмке, іш киімдері мен гигиеналық заттары, оқуға қажетті кеңсе заттары ата-ана есебінен қамтылады.) Мамандандырылған әскери мектеп-интернатының түлектері келесі жоғарғы оқу орындарында өз білімдерін жалғастыра алады: • ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғарғы оқу орындары; • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғарғы оқу орындары; • ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындары; • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғарғы оқу орындары; • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғарғы оқу орындары; • Шет елдік жоғарғы және арнайы кәсіптік оқу орындары. Мамандандырылған әскери мектеп-интернатына қабылдау ережелері: Интернаттық үлгідегі орта білім беретін мемлекеттік мекеме, кәсіби бағдарлы білім беруді іске асырып, тәрбиеленушілерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге дайындайды. Әскери мектеп-интернатқа денсаулығы жарамды, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған мемлекеттік тілде оқытылатын 7,8,9 сыныптарға ер балалар қабылданады. Мамандандырылған әскери мектеп-интернатына оқушылар келесі тәртіп бойынша қабылданады: 1. Өтініштерді қашықтықтан қабылдау және тіркеу 2025 жылдың 29 қыркүйек-10 қазан күндері аралығында qabyldau2025@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі. 2. Қабылдау емтихандары кестеге сәйкес аудан/қала орталығындағы мектеп базасында 15 қазан күні өтеді. (қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен тест және психодиагностикалық тест алынады). 3. Медициналық тексерістен 20-24 қазан күндері тұрғылықты жеріндегі емханадан өтеді. 4. Дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру емтиханы әскери мектеп- интернат базасында 25 қазанда өтеді. 5. Әскери мектеп-интернат базасында 28-29 қазан күндері қабылданған оқушылардың ата-аналарымен/заңды өкілдерімен сұхбаттасу кездесуі өтеді. Қабылдау комиссиясы 2025 жылдың 29 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді Анықтама телефондары: 8 707 436 57 30, 8 747 989 19 98 Мекен-жайы: Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Қ.Сәтбаев көшесі, №27