АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ: Инвестициялық жобалар бойынша есептері тыңдалды

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ: Инвестициялық жобалар бойынша есептері тыңдалды

Қазіргі кезде елімізде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық үдеріс мемлекеттік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып, елдегі реформаларды табысты іске асырудың нақты көзі болып отыр. Инвестиция кез келген ұлттық экономиканың маңызды және қажетті қоры болып саналады. Осы мәселелерді шешуде ауданымызға кең көлемде инвестиция тартудың алатын орны ерекше. Экономиканың қарқынды дамуы, жаңа технологияларды енгізу инвестициялық жобамен тығыз байланысты. Яғни, мемлекеттік бақылаудың, экономиканы басқарудың жүйесі болып табылады.

Бүгінгі жұмыс күнінде аудан басшысы сала орынбасары және тиісті бөлім басшыларының қатысуымен ауыл және ауылдық округ әкімдерінің инвестициялық жобалар бойынша және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы есептерін тыңдады. Жиында ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл аманаты» жобасы, жеке кәсіпкерлерді тарту бағытында атқарып жатқан жұмыстары баяндалды. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру, сондай-ақ жұмыс орындарын көбейте отырып, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуге, сол арқылы халқымыздың өмір сүру деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Жиын соңында ауылдық округ әкімдеріне бір апта көлемінде ауыл паспортын жасап, инвестиция тарту бойынша ұсыныс таныстырылымын дайындау тапсырылды.

Ақпараттық медиа орталығы.