МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: Ашық сұхбат жүргізді

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: Ашық сұхбат жүргізді

Президент Жарлығына сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша жүйелі жұмыстарды, әсіресе, жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде одан әрі жалғастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас сарапшысы Ернар Сарбасов сала өкілдерімен ашық сұхбат жүргізді.
Онда әрбір бөлім басшылары, сала қызметкерлері Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын мемлекеттік аппараттың тиімді жүзеге асыру, қалыпты жұмыстарды тоқтатпай, жаңашылдықты жылдам енгізу туралы ұсыныстары тыңдалды.
Енгізілген барлық ұсыныстар өзектілігі жағынан жан-жақты зерделеніп, қорытынды анықтама дайындалған соң орталық аппараттың салалық министрліктеріне тиісті шаралар қабылдау үшін жолданылатын болады.

Ақпараттық медиа орталығы.