Сенбілік - тазалықтың кепілі! Бүгін аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Сарыкемер ауылындағы “Батырлар аллеясы” аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қызметкерлер аллея аумағын қоқыстан тазалап, ескерткіш маңайын ретке келтірді. Аталған сенбілік жұмыстары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, батыр бабаларымызға құрмет көрсетіп, олардың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жүзеге асырылды.
Ақпараттық медиа орталығы.