ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Ағаштар бұталып, түптері әктелді

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Ағаштар бұталып, түптері әктелді

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, қоршаған ортаның тазалығы, таза ауа, таза табиғи жаратылыстар адамзат өмірі үшін аса маңызды. Бүгін “Таза Қазақстан” акциясы аясында, “Тараз-Сарыкемер" бағытындағы автомобиль жолдары бойында мекеме және бөлім мамандарының атсалысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасы барысында ағаштарды бұтау және тал әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев қатысып, жұмыс барысын бақылады. Үрдіске айналған сенбілік барысында жайлылық пен тазалықтың болуына қызметкерлер белсене атсалысып, өз үлестерін қосты.

Ақпараттық медиа орталығы.