«АУЛА ОЙЫНДАРЫ - 2025» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды

«АУЛА ОЙЫНДАРЫ - 2025» Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды

Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылы, Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен «Аула ойындары-2025» атты Жамбыл облысының спорттық фестиваліне Байзақ ауданының іріктеу жарыстары болып өтті. Іріктеу жарыстары спорттың қалашық, ләңгі, асық ату, орта доп, секірмек түрлері бойынша өткізіліп, онда құрама команда мүшелері 14 жасқа дейін, 14-17 жас аралығы, 18 жас және одан жоғары ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Екі жүзге тарта спортшы қатысқан іріктеу жарысында жалпыкомандалық есепте Түймекент ауылдық округі топ бастап, бірінші орынды иеленді. Ал, мырзатайлық спортшылар жүлделі екінші орыннан көрінсе, көкталдық команда үздіктер қатарынан табылып, жүлделі үшінші орынға табан тіреді.

Ақпараттық медиа орталығы.