ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ӘЛЕМ: “Қашқын” монодрамасының премьерасы өтті

ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ӘЛЕМ: “Қашқын” монодрамасының премьерасы өтті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруында «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», халық театрының негізін қалаушылардың бірі, ақын М.Баймурзин атындағы республикалық/моно спектакль/театрлар фестиваль – байқауына Жамбыл облысы атынан Байзақ аудандық «Шахан» халық театрының режиссері Бақытжан Байкүшіков Ақылбек Шаяхметтің «Қашқын» монодрамасымен қатысып, бас жүлдені иеленіп қайтқандығы баршамызға белгілі. Бүгін әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде “Шахан” халық театрының кезекті қойылымы, яғни, жоғарыда аталған монодраманың премьерасы көрермен назарына ұсынылды.

Монодрама - жалғыз кейіпкердің тағдыры аясында ашаршылықтан бергі қазақ тарихын қозғап өтеді. Жәй тарихын емес, ең ауыр күндерін. Автор “Қашқын” ұғымын ашуда кең түсінік қалыптастыруға тырысқан. Қарапайым тұрмыстық өмірден, ұлт ретіндегі ауқымды мәселелерге дейін қозғайды. Моно драманың басты ерекшелігі де осы тақырып аясынан шықпай, көрермен көңіліндегі ырғақты жоғалтпай, түйінді ой тастай алуында. Сондай-ақ, пьесадан ритмді сезуге болады. Уақыт бірлігін сақтап, тарихи кезеңмен қатар адам өмірі жалғасып отырады. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов сөз алып, “Шахан” халық театрының тарихына тоқталды Аталған монодрама театрдың тағы бір жетістігі екендігін айтып, шығармашылық жұмысына табыс тіледі. Режиссер Бақытжан Байкүшіковті аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар, 75 жас мерейтойы қарсаңында, Байзақ ауданының мәдениет саласына қосқан баға жетпес үлесі және шығармашылық жолындағы өлшеусіз еңбегі үшін Асқарбек Сейілхан және облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, «Қашқын» монодрамасының қоюшы режиссері Анар Сағымбековаға аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Ақпараттық медиа орталығы.