ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: Ардагерлер арасында іріктеу жарыстары өткізілді

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: Ардагерлер арасында іріктеу жарыстары өткізілді

Сарыкемер ауылындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиадағы Байзақ ауданының іріктеу жарыстары болып өтті. Аталмыш шараның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен өткен іріктеу жарыстары спорттың волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд түрлері бойынша өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында үздік атанған жеңімпаздар марапаттарға ие болды. Ал, жалпыкомандалық есепте Сарыкемер ауылдық округі бірінші орынға көтерілсе, Ботамойнақ және Ынтымақ ауылдық округтері жүлделі екінші, үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ, Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиадаға берілетін жолдаманы иеленді.

Ақпараттық медиа орталығы.