Әкімдікте аудан прокуроры Ақберген Мүлкемановтың төрағалығымен қылмыстық ахуалдың жай-күйі, құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде бұрын сотты болғандар, кәмелетке толмағандармен профилактикалық шаралардың тиімділігі бойынша мекемеаралық мәжіліс болып өтті.
Онда күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан прокурорының орынбасары Саяхат Нұрбеков, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Темірлан Жұмалбеков, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев баяндама жасады.
Баяндамада «Қауіпсіз- Байзақ» іс-шаралар жоспары негізінде бірқатар жұмыстар атқарылғаны атап өтілді. Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейтіп, «Қоғам сақшысы» жобасы аясында оы жылдың 3 айында құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында, аудан аумағында 56 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, қоғамда орын алып жатқан интернет алаяқтық мәселесі де көтерілді. Аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков өңірде құқық бұзушылықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарды сынға алып, әрбір берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындау керектігін баса айтты. Жиын соңында қатысушыларға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық және қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.
Ақпараттық медиа орталығы.