«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ Тазалық эстафетасын қабылдады

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ  Тазалық эстафетасын қабылдады

Көктем келісімен ауданда тазалық жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгін "Таза Қазақстан" жобасы аясында, "AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы Байзақ ауданында өткізілді. Облыстық филиал тарапынан Тараз қаласынан жолданған тазалық эстафетасын Байзақ аудандық партия филиалы Қостөбе ауылдық округінен қабылдап алды. Тазалық шарасында Қызыл жұлдыз бен Қостөбе ауылы аралығындағы жол бойы қоқыстан тазартылды. Облыстық және аудандық партия филиалының бірлесе өткізген акциясына партия белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ мүшелері, "Жастар рухы" жастар қанаты мүшелері, барлығы 150-ден астам партияластар өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ, жастармен қатар орта буын өкілдері де игі шарадан шет қалмады. Ерекше форматта өткен акция барысында, жол бойы қоқыс қалдықтарынан тазаланып, қураған ағаш, ретсіз өскен шөптер шабылды. Акцияның мақсаты - қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ауыл мен ауылдың арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта да мұндай бастамалар жалғасын тауып, ауылдарды байланыстыратын жолдар толық тазартылатын болады. Партияның Байзақ аудандық филиалы бұл бастаманы жалғастыруды Жамбыл ауданына жолдады.

Ақпараттық медиа орталығы.