
Әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өткізіліп, онда жеке инвестициялық жобаларға берілген жерлердің іске асырылу барысы және халықты жұмыспен қамту шаралары мәселелері қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, баяндама жасаған аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Тұрсынбек 2022-2024 жылдары сауда-саттық (аукцион) арқылы кәсіпкерлік мақсатында жалпы көлемі 9,1 гектарды құрайтын 26 жер учаскелері қысқа мерзімге жалдау құқығымен сатылғанын атап өтіп, берілген жер телімдері бойынша іске асырылатын жобаларға тоқталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 15 жер телімдерін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану бойынша сауда-сатыққа (аукцион) шығару жоспарланып отырғанын жеткізді. Бөлім басшысының баяндамасын сынға алған аудан әкімі саладағы атқарылған жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты. Сонымен қатар, сала орынбасары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм және жер қатынастары бөлімі бірлесе отырып, тиісті сараптама жүргізіп, соңғы үш жылдық көрсеткіштерге қайта талдау жасауды тапсырды. Осы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев талдау жұмыстарын үш жылға емес, жеті жылға жасау керектігін, жобаларды сала салаға бөлу туралы ұсынысын білдірді. Байзақ аудандық Мансап орталығы филиалының директоры Нұржан Тлепов үстіміздегі жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және тұрақты жұмысқа орналастыру, жұмыс іздеуші ретінде қайырылғандар, халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беру, «Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс берушінің сұранысымен жұмыссыздарды кәсіптік оқыту» және «Жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытулар» мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек бойынша көмекке мұқтаж азаматтарға проактивті қызмет көрсетулер жайлы баяндап берді. Баяндамада атап өткен тұрақты жұмысқа орналастыру деңгейін төмендетуге қатысты талдау жасап, слайд кесіндісінде көрсету қажеттігін ескерткен аудан әкімі алғашқы жұмыс орнына байланысты жұмысты жандандыруды жүктеді. Кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша берілген ұсыныстар мен тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Ақпараттық медиа орталығы.