
Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Осы орайда, ауданда ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеш болып өтті. Іс-шараға аудандағы ерекше балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі балаларды мерекемен құттықтап, Жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады. Кеш барысында балақайлар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Сондай-ақ, олар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Арнайы дайындалған концерттік бағдарлама барысында түрлі жаңа жылдық кейіпкерлер өнер көрсетіп, кештің сәнін келтірді. Балалардың өнеріне тәнті болған Аяз ата мен Ақшақар оларға тәттілер ұсынды.
Кеш соңында Олжас Елебекұлы балалармен бірге естелікке суретке түсті.
Ақпараттық медиа орталығы.