Жас отбасылар арасында “Таптым-ау сені” атты видеоролик байқауы өтті

Жас отбасылар арасында “Таптым-ау сені” атты видеоролик байқауы өтті

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында “Таптым-ау сені” атты видеоролик байқауы өткізілуде.

Байқаудың мақсаты: Отбасылық қатынастарды нығайту, отбасы құндылықтарын наситтау, өскелең ұрпақ арасында ұлттық салт-дәстүрлердің кеңінен таралуына ықпал ету. Отбасылардың шығармашылық бастамаларын қолдау.
Аталған шараға қатысуға ниет білдірген 12 отбасының өтінім парағы түсті.

Нәтижесінде 1 орынды Қағазбековтар отбасы,
2 орынды Тоқболатовтар отбасы,
3 орынды Джумабаевтар отбасы иеленіп, диплом және сыйлықтармен марапатталды.