"Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

"Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, қоғам үшін маңызы зор экологиялық іс-шара «Киелі мекен» тақырыбында Мырзатай ауылында болып өтті.
Бүгін Мырзатай ауылының мекеме қызметкерлері, тұрғындары және жастары Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескеркіш аумағында өткізілген тазалық жұмыстарына белсене атсалысып, акцияға өз үлестерін қосты. Шара барысында ескерткіш қалыпқа келтіріліп, ондағы орындықтар мен қоршауларға сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ескерткіш аумағы абаттандырылды.