Сапалы қызмет - басты міндет

Сапалы қызмет - басты міндет

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап, барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Диқан ауылдық округі әкімі аппараты КММ-сі мемлекеттік қызметтер көрсету тетігі және үйлестірушісі болғандықтан округте орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ақпараттық орталық жұмыстарының сапасын бақылап, халыққа сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарып келеді.
Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсетудің 5 түрін көрсетеді, яғни  "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту", "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру", "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату", «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу". Осыған орай, халықтың мемлекеттік қызметке қолжетімділігі бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Ауылдық округке ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында азаматтардан 4 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік органдар мен қызметшілердің жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болғандықтан, халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бұдан әрі басты назарда болады.

Жұман Абдуалиев, 
Диқан ауылдық округінің әкімі.