ҰЛТ САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ОРТАҚ ШАРУА

ҰЛТ САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ОРТАҚ ШАРУА

 

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау - қасиетті өлке екендігін, тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдырған Қасым хан осында жерленгендігін,  Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар екендігін атап өтті. Сонымен қатар Ел Президенті: «Біз елдігіміздің негізін қалап, оны ұрпаққа табыстаған бабалар рухына тағзым етеміз. Алайда, өткенімен ғана өмір сүретін жұрт өркениетті ел бола алмайды. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет.
Құрылтай-ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес, келешекте де ондай болмайды. Алдыңғы екі отырыста елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерілді. Оның біразы орындалды. Жалпы өзгерістер барлық салада болып жатыр»,-деді.
Жаһандану дәуірінің талабы күрделеніп келеді. Жер бетінде ұлт болып өмір сүру үшін ұлт сапасын жақсартудың маңызы зор екендігін Ел Президенті атап айтты. Бұл дегеніміз ата-бабаларымыздың дәстүрімен біте қайнасқан ұлттық құндылықтарды қастер тұтып, адал еңбектің қадірін арттыруға үндейді. Ел жастары дәстүрлі құндылықтарды қазіргі мәдени үрдістермен үйлестіре алатындығына сенімдімін.  Сондықтан  ұлттың сапасын қалыптастыру ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, ел алдында тұрған басым  міндеттерді орындауға үлес қосуымыз керек.

Күнтуған Ақназаров,
еңбек ардагері.
Түймекент ауылы.