ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

Атырауда өткен "Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс" Ұлттық құрылтай ел дамуының маңызды мәселелері талқыланатын республиканың басты диалог алаңына айналды. Бұл отырыстардың негізгі мақсаты-әрқайсымыздың өмір сүру сапасын арттыру. Құрылтай мүшелерінің алдында қоғамдық қолдауды жеткізу және елімізде болып жатқан реформалар мен өзгерістер тақырыбына қоғамның әртүрлі санаттарының көзқарастарын білдіру міндеті тұр.
Үшінші кездесу барысында қатысушылар өзекті және маңызды тақырыптарды талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Күн тәртібінде тәртіп пен заңдылықты сақтау, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және зорлық-зомбылықтың алдын алу, адам құқықтарын қорғау, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету, лудоманияға, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес және т.б. сияқты мәселелер болды.
Президент еліміздің болашағына - жастарға, оның рөліне, әлеуетіне және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын нығайтуға қосқан үлесіне үлкен көңіл бөлді: "Қазақстан жаппай цифрландыру және жасанды интеллектті жедел дамыту аумағына айналуы тиіс. Бұл технология жақын арада әлемді түбегейлі өзгертеді. Бұл салада біздің жастарымыздың әлеуеті, менталитеті мен талантының арқасында "қазақстандық серпіліске" нақты мүмкіндігіміз бар", - деп есептейді Мемлекет басшысы.
Біз қазіргі өркениеттің прогрессивті стандарттарына сай болып, жасампаз халық болып, тек алға ұмтылуымыз керек. Құрылтай біздің үмітімізді ақтап, жаңа идеялардың орталығына айналады деп сенеміз. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ұлтаралық бірлікті нығайту қажет. Біздің қоғам жиналып, елде болып жатқан процестерге белсенді түрде қосылып, ойлағанның бәрін белсенді түрде жүзеге асыруы керек.

Дамир Нұрабаев,
аудандық статистика басқармасының басшысы.