Кітап - білім бұлағы

Кітап - білім бұлағы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында кейбір құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде айтылған ұсынысына тоқталды.
“Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы-кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек»,-деді Президент.
ХХІ ғасыр-жоғары ақпараттық технологиялар ғасыры. Өсіп келе жатқан жастарымызды отансүйгіштік пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, олардың бойына адамгершілік сананы, адамдық борыш, ар-намыс пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруда кітаптың алатын орны орасан.
“Адамды адам еткен-кітап, адамзат еткен-кітапхана” деп белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, кітап-рухани қазына, замана сыры, тарих шежіресі, оқу мен тәрбие құралы. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші - білім, ал білім мен тәлімді тәрбиенің қайнар көзі - кітап екені баршамызға белгілі.
Елімізде Ұлттық кітап күні белгіленетіндігі қуанышты жайт. Бұл елімізде кітапқұмарлар қатарының өсуіне, сондай-ақ жас буын мен қалың бұқараның кітап оқуға деген мәдениетін қалыптастыруға  ықпал етеді деп сенемін.

Мейраш Әбсамат,
көпбалалы ана.
Сарыкемер ауылы.