“Жайдарлы жастар” атты жайдарман клубының “Маусымашар” ойыны өтті

“Жайдарлы жастар” атты жайдарман клубының “Маусымашар” ойыны өтті

2024 жылдың қаңтар айының 23 күні аудандық Әль-Фараби атындағы мәдениет үйінде “Жайдарлы жастар” атты жайдарман клубының жастар арасында “Маусымашар” ойыны өтті.

Жайдарман ойынының мақсаты: Байзақ ауданындағы Жайдарман қозғалысын дамыту; Қазақ тілін кеңінен қолдану, жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайту. Жастарды патриоттық сезімге баулу.

Аталған шараға қатысу үшін, 9 команда өтінім парағын жолдады. Атап айтқанда:
- “Жетібай жастары”
- “Waka Waka”
- “Мини және оның достары”
- “Red Star”
- “SMG”
- “TOM”
- “Болашақ жұлдыздар”
- “Дихан” командасы
- “Уақыт жоқ” командалары қатысты.

#Байзақжастары
#Жайдарлыжастар
#Жайдарман