Даналық мектебінің берері мол

Даналық мектебінің берері мол

Құндылықтaрғa негізделген тәрбие беру-жaлпы aдaмзaттық және ұлттық құндылықтaрды бойынa сіңірген, зaмaнaуи білімдерді меңгерген, бәсекеге қaбілетті, сaлaуaтты өмір сaлтын ұстaнaтын ұрпaқ тәрбиесінің жүйесі болып тaбылaды.
Президентіміз атап өткендей, адал ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру ұйымдарында адами құндылықтарға негізделген ұлттық тәрбие бағытында жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал тәрбие ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Білім беру жүйесіне Оқу ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізіліп, қазіргі таңда еліміздің барлық білім беретін мекемелерінде іске асырылуда.
Ұлы Абaй: «Бaлa мінезі үш aлуaн aдaмнaн жұғaды: біріншісі - aтa – aнaсынaн, екіншісі – ұстaзынaн, үшіншісі – құрбысынaн», - деген екен. Отансүйгіштік сезімнің қaлыптaсуынa aтa-aнa, aуыл aймaғының ықпалы зор. «Отaн-отбaсынaн бaстaлaды»,-дейді дaнa хaлқымыз. Отaнды сүю – отбaсынaн бaстaлaтыны рaс. Сондықтaндa бaлa тәрбиесінде  отбaсының беделін aрттыру және дәстүрлі отбaсылық құндылықтaрды нығайту мақсатында мектебіміздегі “Даналық мектебі” жобасына сәйкес «аталар мектебі», «әжелер мектебі», «әкелер мектебі», «аналар мектебі»,  «ағалар мектебі», «жеңгелер мектебі»  жұмысы жүйелі жолға қойылған.
Жуырда  Бурыл ауылындағы №6 орта мектебімізде «Даналық мектебінің» жоспарына сәйкес, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Қазақ халқының жүрегінен туған ең жақсы ғұрыптар» тақырыбында  іс-шара өтті. Ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысқан шараны мектеп директоры Құралай  Үкібаева ашып,  аталған іс-шараның мазмұнына тоқталды. Қонақтарды білім ошағында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Аталмыш іс-шараны ұйымдастырып, өткізуіме директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қаншайым Нұрбаева, психолог Сандуғаш Садықова, тәлімгер Зере Тіленшиевалардың көмегі көп болды.
Тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» атқаратын қызметі мол. Сондықтанда аталған орталықтың ашылуында   аталар кеңесінің төрағасы Зарлыхан Тыныстанбеков пен  30 жыл ұстаздық еткен және мектеп директоры болған  зейнеткер  Мейрамбек Мамасеріков орталықтың лентасын қиды. Аналар кеңесінің төрайымы Айжан Абдаймова, әжелер мектебінің төрайымы Ұлбосын Садуова, әжелер мектебінің мүшелері Майса  Бүрлібаева, Бекзат Мұсаева, Ұлсара Абдралиевалар ізгі тілектерін ортаға салды.
«Тәрбие-тал бесіктен басталады» демекші,  аталарымыз  «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет», әжелеріміз «Ертегі – танымның көзі» тақырыбында оқушылармен танымдық сабақ өткізді. Олар құндылығын жоғалтпаған  халық ауыз  әдебиетінен ертегілер  және заманауи ертегілер жөнінде әңгіме өрбітіп, талқыға салды. Ақ жаулықты әжелердің айтқан  ертегілерін тыңдау арқылы жас буын қазіргі заманда ғаламтор жайлаған зиянды әдеттерден аулақ болуға дағдыланады. Бұл өткізілген маңызы зор іс-шарадан жастарымыз бойына ұлттық құндылықтарды сіңіреді деген қорытынды жасауға болады.

Рахат Қабылбекова,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Бурыл ауылы.