Аудан диқандарының пияз өсіріп, одан мол өнім алуда тәжірибелері мол. Мұны жыл сайын көріп те жүрміз. Әсіресе өткен жылы аудан бойынша пияздан мол өнім алынып, диқандардың еңбегі еселенген жыл болды. Пиязды көптеп егетін округтерде оны сақтауға арналған қоймалар соғылып, пияз көп уақытқа дейін сақталуда.
Биылғы жылы ауданымыздың 11 округі диқандары 1973 гектар жерге пияз егіп, оны алажаздай күтіп-баптады. Биыл барлық жерлердегідей бізде де егін суынан қиыншылықтар туындағаны белгілі. Соған қарамастан пияздың шығымы жаман болған жоқ.
Кешегі күнге дейін аудан диқандары 1662 гектар жердің пиязын жинап, оның әр гектарынан алынған өнім 310,0 центнерден айналып отыр.Сөйтіп алынған өнім 51524 тоннаны құрады. Мұның тең жартысы бурылдық диқандардың еншісінде. Жекелеген округтер арасында азда болса өз пияздарын түгелдей жинап алған Сарыкемер және Темірбек ауылдық округі диқандары әр гектардан 300-310 центнерден өнім алды. Ал қалған округтерде пияз жинау жұмыстары жалғасуда. Олар әзірге өз пияздарын 80-88,5 пайыз аралығында жинап үлгерді.
Пияз егіп, одан мол өнімді кәсіп еткен бурылдық диқандар 954 гектарға пияз егіп, бүгінде оның 803 гектарын жинаса, Ботамойнақ, Қостөбе, Диқан, Жаңатұрмыс ауылдық округтері диқандары 135-260 гектар аралығында пияз еккен. Жекелеген округтер арасында алынған өнім бойынша бурылдық диқандар әр гектардан 315 центнерден өнім жинап, көш бастап тұр. Ал басқа округтер көрсеткіштері осыған жетеғабыл.
Ендігі мақсат - күздің қара суығы, нөсер жаңбырына ұрынбай қалған 311 гектар жердегі пияздарымызды сапалы жинап алу.
Сүндетулла Абылашұлы.