01.07.2023 жылдан бастап жәрдемақы, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру

01.07.2023 жылдан бастап жәрдемақы, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру

01.07.2023 жылдан бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты республикалық бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін бірқатар төлемдердің мөлшерін арттыру қарастырылған. Атап айтсақ:

- мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің мөлшеріне теңестерілген зейнетақы;

- "Алтын алқа", алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы;

- мүгедектіне байланысты жәрдемақы;

- асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы;

- мүгедек балалардың күтушісіне берілетін жәрдемақы;

- 1 топ мүгедектерінің күтушісіне берілетін жәрдемақы;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

- еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда алатын әлеуметтік төлем;

- асыраушысынан айырылған жағдайда алатын әлеуметтік төлем.

                                 

А.Н.Сапахов, Тараз қалалық№4 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.