10 сотық жерді алу үшін кезекке енді egov.kz арқылы тұруға болады?

10 сотық жерді алу үшін кезекке енді egov.kz арқылы тұруға болады?

Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады, оның жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін өзектендіре алады. Осылайша, әрбір қазақстандық алуы тиіс 10 сотық жерді алу процесі барынша ашық болады.

Қызметті пайдалану үшін не істеу керек: eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар:

Кезекке қою; деректерді өзектендіру; кезектен шығару.