Интернеттегі алаяқтықтың негізгі түрлері

Интернеттегі алаяқтықтың негізгі түрлері

Бүгінгі таңда алаяқтық Қазақстанда ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі болып табылады. Алаяқтықтың түрлері мен формалары әртүрлі болуы мүмкін. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың  жаңа түрлері, соның ішінде интернет алаяқтары пайда болуда. Олардың саны жыл сайын артып келеді.
Интернет алаяқтықтың бір ерекшелігі – қылмыскерлер тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатқа ие. Бұл қылмыстарды ашу өте қиын. Өйткені қылмыскерлер оларды тіркеу кезінде де, ақша алу кезінде де деректерді жасыратын ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасайды. Көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқияттылықты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет ететін көптеген операциялармен басқа да процедуралық шаралар жүзеге асырылады.
Жасына, жағдайына, ұлтына және тағы басқа жағдайларға қарамастан кез келген азамат мұндай қол сұғушылықтың құрбаны болып қалуы мүмкін.
Банктің қауіпсіздік қызметтері- алаяқтар банк клиенттеріне «банктің қауіпсіздік қызметі» немесе «қаржы мониторингі қызметі» деген атпен қоңырау шалып, карта бойынша күдікті операция жасалғаны туралы хабарлайды. Есепшоттағы ақшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету сылтауымен олар шоттан ақшаны ұрлау үшін клиентті бірқатар әрекеттер жасауға мәжбүрлейді. Сондай-ақ сенімділік үшін олар банктердің және басқа да құрылымдардың ауыспалы нөмірлерінен қоңырау шала алады. Бұл ретте арнайы бағдарламаларды пайдаланып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бола тұра Қазақстан Республикасының абоненттік және стационарлық нөмірлерін пайдаланады. Әрі қарай алаяқтық сызбасы бірнеше сценарийлер бойынша дамиды. Алаяқтар картаның төлем деректерін (16 таңбалы нөмір, иесінің аты-жөні, жарамдылық мерзімі және артқы жағындағы үш таңбалы код, сондай-ақ банктен СМС-тен алынған код) немесе жеке кабинетке кіру деректерін алдау жолымен қолдарына түсіреді.
Кейде қоңырау кезінде алаяқтар телефонның қорғалуын күшейту сылтауымен арнайы қосымшаны (мысалы, AnyDesk, TeamViewer) орнатуды сұрайды, бұл қашықтан кіру және басқару бағдарламасы болып табылады. Оның көмегімен жәбірленушінің онлайн-банкінің жеке кабинетіне кіріп, сол жерден өз шотына ақша аудару мүмкіндігін алады.
Қашықтан қол жеткізу бағдарламалары қолжетімді барлық ақшаны ұрлауға ғана емес, сонымен қатар мобильді қосымшада егер мұндай өнім клиентке ұсынылса, алдын ала мақұлданған несие алуға, содан кейін қарыз қаражатын шығарып алуға көмектеседі.
Сондай-ақ қоңырау кезінде алаяқтар өз құрбандарын банкоматтан ақша алуға және оларды «қаражатты құтқару» үшін арнайы шотқа аударуға көндіреді.
•Маңызды:
•Егер ол банк қызметкері болса да ешқашан жеке сипаттағы ақпаратты ашық түрде орналастырмаңыз және жібермеңіз!

Нұрлан Сыздықов,
аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастыру-аналитикалық  тобының аға инспекторы, полиция майоры.