Жастар ресурстық орталығы – жастардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыру, шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметті іске асыратын ұйым екені белгілі. Аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңы және мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын орындау жөніндегі кешенді жоспары өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінгі күні ауданымызда 14-29 жас аралығындағы жастар саны 25 720, яғни, жалпы аудан халқының 23,06 пайызын құрап отыр. Өткен жылға бекітілген межеге сәйкес, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 991 жасты тарту жоспарланса, бүгінгі күнге 3003 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды. Нақты межелер айқындалған 10 индикаторлық көрсеткіштер белгіленіп, оның 7 көрсеткіші аудан жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталды. Индикатордың тағы бір тармағы-жастарға кеңес беру. Нәтижесінде 7475 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды. Байзақ ауданында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 2123 белгісіз өзектендірілмеген санатындағы жастар облыстық жастар ресурстық орталығы тарапынан берілген болатын. Барлық ауылдық округтерде берілген тізімге сәйкес, 2021 жастың (адрестік талдау жұмыстарын жүргізу барысында 102 адам Байзақ ауданында тіркелмегендігі анықталды) санаты өзектендірілді. Аудан бойынша 208 NEET санатындағы жас анықталып, арнайы база әзірленіп, оларға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беріліп, аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне шақырылды. NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру және жастар ахуалын зерделеу үшін әр ауылдық округте адрестік және түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 13 адам жастар тәжірибесі, 38 адам «Бизнес Бастау» жобасы аясында курсты оқыса, 11 адам 13,5 млн. теңгенің мемлекеттен қайтарымсыз 400 АЕК (әрқайсысы 1 225 200 теңге) гранттарды ұтып алып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. Бүгінгі уақытта аудан бойынша 146 NEET санатындағы жастармен мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. NEET санатындағы және пробация есебінде тұрған жастармен «Былғары доп», «BAIZAQ GUP-2022» атты футболдан тұрақты түрде жарыстар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, ауданда маусымдық «Жасыл ел» еңбек жасақтарында 3 тоқтамда 100 адам жұмыспен қамтылып, оған 4,8 млн. теңге қаражат бөлінді. «Жасыл ел» еңбек маусымында 14 нысан тазартылып, 250-ге жуық талдар отырғызылып, 55 тонна күл-қоқыс шығарылды. «Әулиеата жастары» бағдарламасын орындау мақсатында, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен жалпы 827 іс-шара өткізіліп, оған 27 386 жас қамтылды. Атап айтар болсақ, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау бағытында жұмыс жоспарын бекітіп, «Неке және отбасы», «Отбасы құндылығы», «Отбасы-бақыт мекені», «Ең жақсы отбасы альбомы» тақырыптарында байқау, кездесулер өткізілді. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімі және полиция бөлімімен бірлесіп, жайсыз отбасыларының қатысуымен «Бақытты отбасы-бақытты ел», «Зорлық-зомбылықсыз болашақ», «Эмоционалдық интеллект рөлі» тақырыптарында кездесулер өтті. Сонымен қатар, жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету үшін «Мамандық таңдау», «Жас маман», «Мамандық таңдау - маңызды іс» тақырыптарында 35 кездесу және демо-тренингтер өткізілді. Нәтижесінде жастар жаңа мамандықтар туралы мәліметтер алды. Мемлекеттік білім беру гранты және «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жоғарғы сынып оқушыларымен 22 мәрте кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ жастардың бойындағы жігер, қайрат, төзімділік пен сабыр, адамгершілік қасиеттерін шыңдау мақсатында «Өмірдің ғажайыбы», «Мен жастарға сенемін!», «Арманда, іске асыр!» тақырыптарында жастармен мотивациялық 16 тренинг пен 9 кездесу өтті. Бұл жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастарға шығармашылық, кәсіби деңгейлерін шыңдау мақсатында өткізілген іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Әр түрлі бағытта 7475 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды. Яғни, аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп ауыл және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Jastarga kenes», «Jastarga–bilim», «Jastarga–qyzmet»,«Jastarga–jumys» жобалары бойынша ауылдық округтерде жастарға кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй, құқықтық, психологиялық түрлі бағытта кеңестер беру үшін түрлі сала мамандарын тарта отырып, 11 көшпелі кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. Шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Кәсіпкерлік», «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «Жер қатынастары бөлімі», «Денсаулық сақтау бөлімі» «Отбасы банкі» кеңес беру алаңына қайырылған аудан тұрғындарына тиісті деңгейде кеңестер берді. Аудан аумағында әскери-патриоттық бағытта 72 шара ұйымдастырылып, оған 1666 жас қамтылған. Әскерге шақырылушыларға арналған 2 дана (Ботамойнақ, Қостөбе) патриоттық билборд орнатылған. Күз айларында елді мекендерде 18-26 жас аралығындағы жастардың отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру мақсатында ауылдық округтердің әскери есеп жөніндегі мамандармен бірлесе «Әскерге бару борышым», «Отан алдындағы міндет», «Әскери іс–мемлекет қауіпсіздігінің кепілі», «Отанға қызмет» «Әскерге бару міндет» «Жас жауынгер» тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстары, акциялар және мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында жалпы 22 шара өткізіліп, оған 216 жас қамтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында, атап айтсақ «Қоғам дерті», «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында - 7, «Жастар арасындағы құқықтық мәселелерін қалыптастыру» бағытында – 5 шара, жастар арасындағы құқықтың және қылмыстың алдын алу бойынша ауылдық округтерде «Қоғам сақшысы», «Түнгі рейд» тақырыбында полиция бөлімімен бірлесе рейдтік шара өткізілді. Сондай-ақ ауылдық округтегі білім ошақтарында жоғарғы сынып оқушыларымен «Интернет және құмар ойындардың алдын алу», «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптарында 8 кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жалпы 18 іс-шара ұйымдастырылып, 300-ден астам құқық бұзушылық туралы дайындалған бүктемелер таратылды. Аудан жастарына “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу”, “Құқықтық тәрбие негізі-отбасынан басталады”, “Қылмыс қоғам дерті”, «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», “Жастар қылмысқа қарсы”, «Заң және жастар» тақырыптарында жастармен кездесулер өткізілді. Еріктілер көктемдік дала жұмыстарына тартылып, тал егу, көгалдандыру ақцияларына атсалысты. Экологиялық мәдениет қалыптастыру және көгеріштендіру мақсатында, еріктілермен «Таза ауыл», «Экосана», «EkoLiFe» атты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, 26 тоннаға жуық күл-қоқыстан тазартылды. Одан өзге волонтерлік «Қамқор» бағыты аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарттардың үйіне дәрі-дәрмек, 26 үйге азық-түлік жеткізіліп, 19 үйге тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жастар саясатына қатысты аудандық «Ауыл жаңалығы» газетіне 69 мақала, облыстық «Знамя труда» газетіне 1, «Ар-Ай» жастар гезетіне 2 мақала, әлеуметтік желіге faсebook. instagram парақшаларына 1280-ға жуық посттар жарияланды.
Бағдат Адилов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.
|