Бастауыш ұйым есептері тыңдалды

Бастауыш ұйым есептері тыңдалды

Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Amanat» партиясы Байзақ аудандық филиалының кезектен тыс XXXVІІІ конференциясы болып өтті.
Мемлекеттік Гимнмен ашылған конференцияны «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шолпан Байтақова жүргізіп отырды. Оған«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Фарида Жүнісова, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері  мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шолпан Қайратқызы 2023 жылы «Amanat» партиясы Байзақ аудандық филиалының алдында тұрған міндеттері туралы баяндама жасады. Әрмен қарай «Бурыл» және «Мерей» бастауыш партия ұйымдарының төрайымдары, аудандық мәслихаттың депутаттары Құралай Үкібаева мен Гүлбахрам Ермековалардың есептері тыңдалды. Баяндамашылар аталған екі бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары, бүгінде ауыл тұрғындарының қозғаған мәселелері бойынша кездесулердің өткізіліп келгендігі, сонымен қатар қоғамдағы орын алған өзекті тақырыптарға қатысты «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» және «Ауыл-ел бесігі» жобаларының аясындағы атқарылған ілкімді істер алға тартылды. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымына жүктелген жұмыстар дер кезінде атқарылып жатқандығы, алдағы уақыттарда партияның алға қойған талаптардың шеңберінде тиісті жұмыстардың атқарыла беретіндігі айтылды.
Жиын соңында «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шолпан Қайратқызы партия қатарына жаңадан қабылданған Әзіреталы Кеңесов, Абдулмұрат Мәдібаев, Талғат Орналиев және Тимур Серікбаевқа арнайы партбилет табыс етіп, сәттілік тіледі.
Конференцияда «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына ауданымыздан 15 партия мүшесі делегат болып сайланды.

Арайлым ҚАСҚЫРБАЙҚЫЗЫ.