ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР

 

Президенттің “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел алдында тұрған басты бағыттар атап көрсетілген.
«Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды», – деді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешу қажет екенін баса айтты.
«Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесінде біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұрпақ тәрбиесі  қай заманда да күн тәртібінен түспеген. Қоғамның болашақ иелері-мемлекетімізді нығайтып, аға буын істерін алға апаратын - солар. Сондықтан жас толқынды еліне, жеріне адал қызмет ететін, білімге құштар етіп тәрбиелеуде педагогтарға жүктелетін міндет ауқымды. Ал бұл міндетті жас ұрпақпен өмірін байланыстырған тәрбиешілер жауапкершілікпен орындайтындығы анық.

Айсұлу СӘРСЕМБАЕВА,
Сарыкемер ауылы.