ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ ФУТБОЛ ӨТКІЗДІ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ ФУТБОЛ ӨТКІЗДІ

 

Ынтымақ ауылдық округінде 1991 жылы туған азаматтардың және жеке кәсіпкер Асхат Жексенбиевтің демеушілігімен кіші футболдан ашық турнир өткізілді.
Бұл турнирге Тараз қаласы және Жамбыл аудандары да қатысып, жалпы 14 команда бақ сынады.
Аса тартысты өткен ойында байзақтық командалар намысты қолдан бермеді. Атап айтқанда, Сарыкемердегі №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы чемпион атанды. Олар финалда Мәдімар ауылының құрамасын ұтты. Ал үшінші орынды Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясы иеленді. Олар қола жүлде үшін тартысты ойында «Тәуелсіздік құрдастары» құрама командасын ұтты.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Оны дамыту – баршаның ортақ міндеті. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды  спортқа шынықтыру мақсатында өткеріліп жатқан түрлі спорттық іс-шаралардың өскелең ұрпаққа берері мол екендігі аталған жарыс барысында байқалды.

Өз тілшіміз.