Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде 2018 жылдан бері аталып келеді.
Домбыра – көнеден қалған асыл мұра, ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Оның ұлт өмірінде алар орны бөлек.
Бір деректе үш мың, ал бір дерек көздерінде бес мың жылдық тарихы бар деп жүрген, көнекөз қасиетті домбыра әрбір Алаш азаматы үшін қадірлі, киелі.
Домбыра – қоңыр үнді аспап. Домбыра – біздің тарихымыз, діліміз, салт-санамыз, тұрмыс-салтымыз. Оның ұлы қасиеті туралы кезінде әл-Фараби мен Абай бабамыз да айтқан. Домбырадан шыққан үн халықтың үні. Ол үн – тегеурінді күш, ұлтқа қайрат беретін, бірлік пен тұтастыққа шақырар ұран. Ол өзгерсе, халықтың мінез-құлқы өзгереді.
Қазақтың қара домбырасының тарихы тереңде жатыр. Тіпті, Еуропадағы шертпелі аспаптардың барлығының бабасы домбыра делінетін ғылыми пайымдаулар бар.
Қазақ ежелден домбыраны жарты байлық, құт бесік деп қадір тұтқан. Қазақ пен домбыра егіз. Түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. «Скифтер жылқының кісінегенін күйдің күмбіріне теңейді»,-дейді Гомер, «Ғұндар әрбір атар таңды жаңа күй шығарып қарсы алады», - деген екен Квинт Курций Руф (б.з.д. I ғ.), «Түркілер арасында жыл бойы шығарылған күйлердің ішінен Ұлыстың ұлы күні тоғыз күй таңдалып алынатын болған»,-дейді Абдулқадыр Марағи (ХVI-ХV ғ.).
Домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екенін дәлелдейді.
Түркі тектес қазақта - домбыра, қарақалпақ, ноғайда -домбыра, тувада - дамбыра, қырғызда - дүңгір, түркіменде - тамдыра, өзбекте - тамбур, орыста - домра, ауғанда- дамбура, иракта - тунбур, монғол тектес халықтарда -домбыр, буряттарда- домбыр, қалмақтарда - дүңгірмә. Бұл атаулардың осылай қалыптасуы - домбыра аспабы Еуразия халықтарының ортасына танымал екендігін көрсетеді.
Қaзaқтың дoмбыpacы түpкi - мoңғoл (apғы aтacы – ғұн) мәдeниeтiнiң мeншiгi, тaмыpы тapихқa тepeң жaйылғaн бaйыpғы acпaп. Oл қaзaқпeн кiндiктec ұлыcтapдың бәpiнe opтaқ мүлiк. Ceбeбi дoмбыpaның жacы қaзaқ хaндығынaн үш мың жылдaй үлкeн. Кейбір мәліметтер домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар екенін алға тартады. 1980 жылдардың соңында Алматы облысындағы Майтөбе шоқысында ғалымдар тастардағы бейнелерден би билеп жүрген адамдар мен домбыраға қатты ұқсайтын музыкалық аспапты тапқан. Неолит дәуіріне тән бұл бірегей мұра Алматы шаһарындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде сақтаулы тұр.
Дoмбыpaғa бaйлaныcты көнe түpкiлepдiң «Eкi нeгiз» aтты дуaлиcтiк пәлcaпaлық нaнымы бap. Бұл жepдe әлeм aтaлық пeн aнaлықтaн тұpaды дeгeн ceнiм бoлғaн. Aтaлықтың көктeгi cимвoлы – күн, aнaлықтікi – aй. Oның жepдeгi cимвoлдapы aтaлықтa – жep, aнaлықтa – cу. Бұлapдың үcтiндeгi бaқылaушы – тaу тұpaды дeгeн ұғым қaлыптacқaн. Дoмбыpaның eкi шeктi бoлуы дa coдaн, яғни acтыңғыcы aнaлық, үcтiңгici aтaлық.
Aл дoмбыpaны Eуpoпa төpiндe күмбipлeткeн қaзaқтың ұлы әншici - Әмipe Қaшaубaeв. Пapиж төpiндe дoмбыpaмeн ән caлып, ЭКCПO aяcындa өткeн бүкiләлeмдiк бaйқaудa зop дaуcымeн көpepмeндepдi тәнтi қылып, ұлттық acпaбымызды пaш eткeн.
Д ом б ы р а к ү й л е р і - 2 014 ж ы л ы ЮН ЕСКО - ның материалдық емес құндылықтары тізіміне енген. Аспаптың құрметіне 2010 жылы Ақтөбе қаласының 147 жылдық мерейтойына орай 6 метрлік домбыра ескерткіші, 2017 жылы Екібастұз қаласында 11 метрлік домбыра ескерткіші орнатылды. Ал, 2010 жылы домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ, шетелдегі қандастарымыз бен еліміздің әр өңіріндегі мыңдаған, кейде тіпті, он мыңдаған домбырашылар бір сәтте күмбірлеген күйімізді орындау арқылы Гиннестің рекордтар кітабына да еніп үлгергені баршамызға белгілі.
Өткен жүз жылдықта күй атасы атанған Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілеріміз домбыраның үнімен еркіндікті аңсаған қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жеткізген. Ғасырлар бойы халқымыздың серігі болған, қиындықта-сүйеу, қуанышта көңілді көкке көтерген домбыраға арнайы күн белгіленіп, жыл сайын әспеттелуі сондықтан.
«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра», - деп Қадыр Мырза Әлі ақын айтқандай, домбыра - қазақ халқының көнекөз шежіресі, ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі.
Күмбірле, қоңыр домбыра!
Өз тілшіміз.