БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

 

Жадырап жаз шығысымен балалардың  дені  жазғы сауықтыру лагерьлеріне барып тынығады.
Дәстүрге айналған мұндай сауықтыру лагерьлері №1,  Н.Киікбаев, Сарыкемер мектеп-гимназиясы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия, Ю.Гагарин орта мектебінде жұмыс жасады. Аталған лагерьлерде тынығып жатқан  оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында  аудандық Балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған «Бақытты балалық шақ” атты концерттік бағдарлама  әзірленді. Атап айтатын болсақ, «Сырғалым» би үйірмесінің оқушылары (жетекшісі Әсем Байділдаева) «Тәттілер», «Хорезм», «Бипыл» биін, қимылды жаттығуларды тынығушылармен бірге жасап, бір қуантып тастады.
«Дизайнер», «Қолөнер» үйірмелерінің  жетекшілері (Ботагөз Еспенбетова, Құралай Тоқаева, Гүлсім Бүркітбаева, Ажар Нұрмахан, Құралай Жолдасбекова, Таңшолпан Жетіген) «Таңғажайып әлем» тақырыбында  балаларға дизайнерлік киімдерінің көрсетілімін ұсынып, «Табысты балақай» ойын бірге ойнап, мәз-мейрам етті. «Көркем әшекей», «Шекемтас», «Гербарийлер әлемі»  үйірмелерінің жетекшілері Гулжанат Жумагулова, Жансая Мустафаева, Манзура Болатбекованың ұйытқы болуымен балалар «Логикалық»тапсырмалар  мен «Сиқырлы» ойындарын бірге ойнап, «Үкілі домбыра», «Дәстүрлі ән» үйірмесінің  жетекшілері Жанерке Әділханова, Айгүл Нарынбекованың басшылығымен мақал-мәтелдерді суреттей отырып, ойынмен шебер ұштастыра білді. «Зерделі ақпараттанушы» (үйірме жетекші Әмина Бибосынова) «Жас натуралист», «Өлкетану» (үйірме жетекшісі Назерке Дәулетқызы, Ақбота Кишетаева) «Отбасылық спорттық жарыстар» ұйымдастырылып, топ жарғандарды дипломмен, сыйлықтармен  марапаттады.
«Полиглот»» үйірмесінің жетекшісі Сахиба Эшимова  ағылшын тілі пәні бойынша «Көңілді бәйге» ойынын ұйымдастырды. «Ана тілім ардағым», «Көркем жазу», «Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшілері  Перизат Жексенбаева, Наргиза Хусамбаева, Лаура Тамабаева, Жамал Аманбай  «Мейірімділік-балаларға» акциясын өткізді.
Осылайша сауықтыру лагерьлерінде  демалушы оқушылар топ жетекшілері мен талантты да өнерлі балалардың өнеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Гүлмира БАРМЕШОВА,
аудандық білім бөліміне қарасты  Балалар мен жасөспірімдер орталығының мәдени іс-шара бөлімінің меңгерушісі.