Ардагерлер жүлделі оралды

Ардагерлер жүлделі оралды

Тараз қаласында өткен облыстық ардагерлер спартакиадасында байзақтық ардагерлер жалпыкомандалық есеп бойынша 108 ұпай жинап, жүлделі екінші орынға ие болды.
Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай, өткізілген облыстық спартакиадаға үш жүзге жуық ардагерлер қатысып, спорттың волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, биллярд, дартс, жеңіл атлетикалық жүгіру түрлерінен өзара сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде біздің ардагерлер Байзақ спорты дәрежесінің жоғары деңгейде екендігін көрсете білді.
Атап айтар болсақ, дойбыдан ерлер арасында Түгелбай Ниязымбетов жүлделі үшінші орынға табан тіресе, асық атуда ардагеріміз Абдибек Байдилдаевқа ешкім тең келмей, бірінші орынды иемденді. Шахматтан ерлер арасында Амангелді Оспанов ағамыз екінші орынды, әйелдер арасында Елена Деревенко бірінші орынды иеленді. Ерлер мен әйелдер арасында өткен тоғызқұмалақ бәсекесінде ардагерлер Сыпатай Төребеков пен Аққалым Мұсаева екінші орынды қанжығаларына байлады. Дартстан әйелдер арасында Уланбике Сейдуалиева үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Осылайша, аудан ардагерлері жүлдемен оралып, намысты қолдан бермеді.
Жеңістеріңіз құтты болсын АРДАГЕРЛЕР дейміз.