Меню
Страницы
Деятельность
Аппарат акима
Документы
Пресс-центр
Контакты
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

Акция "Мектепке тағзым"

Акция "Мектепке тағзым"

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында, Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Есентаеваның жетекшілігімен «Мектепке тағзым» акциясы болып өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластыра өткізілген шараға облыстық білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев, Жақсылық Үшкемпіров атындағы №10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Асқар Шаухаров қатысты. Акцияға келген қонақтар қатарында, Сарыкемер мектеп-гимназиясының түлектері мен осы мектепте қызмет атқаратын аудан түлектері Айбол Елубаев, Балғали Мұсағалиев, Қалмаханбет Сматов, Асылбек Молдатаев, Дархан Сейтимбетов, Алибек Джолдасов, Жамбыл Бурамбаев, Аягоз Қуатова, Назгүл Нұрдавлетова, Назым Медербекова, Гүлжайна Қуанышева да болды.
«Мектепке тағзым» акциясы аясында, аудан мектептерін бітірген танымал түлектердің табысты өмір жолдарын үлгі ете отырып, оқушылардың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімдерді ұялату, туған жеріне, мектебіне деген перзенттік сүйіспеншілігі мен махаббатын тереңдету және құрмет көрсетуді насихаттау мақсатын көздеген шарада түлектер «Теннис үстелі» кабинеті және мұғалімдер бөлмесінің ашылуына атсалысып, демеушілік жасады.
- Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан түлектер оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізеді. Тіпті, осы акцияға қатысудың өзі туған мектебіне көмек көрсетудің керемет үлгісі. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады деп сенемін, - дейді бізбен болған әңгімесінде мектеп-гимназия директоры Гүлмира Әуесбайқызы.
Кездесу барысында қонақтар мектеп табалдырығында жүрген кездерінен қызықты оқиғаларынан үзінді келтіріп, биік мақсаттарға жету үшін білімді, тәрбиелі болу маңызды екенін, өмір жолында әр түрлі қиындықтар болатынын, бірақ соларды жеңе білу әркімнің өзіне байланысты екенін оқушыларға айтып, өмірге қажетті жақсы мамандық иесі болуға шақырды.Білім, тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын айтып, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Патриоттық сезімнің үздік үлгісі - туған жеріне, мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет көрсету. Әрбір азаматтың өмірінде табысқа жетуі өзі білім нәрімен сусындаған білім ордасы мен ондағы ұлағатты ұстаздарға қарыздар деп айтуға болады. Сол себепті түлектердің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантады.

Дата публикации
08 декабря 2021
Направления деятельности
Рухани жаңғыру
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития