Жамбыл облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жүргізілуде

Жамбыл облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жүргізілуде

Коронавирустық инфекциямен күресудің тиімді әдістерінің бірі-вакцинация болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Жамбыл облысында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, сондай-ақ 16-37 апта мерзіміндегі жүкті және бала емізетін әйелдерді Пфайзер - дің Комирнати препаратымен вакцинациялау науқаны басталды.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында арнайы жабдықталған көлікпен 40 950 доза Комирнати вакцинасының бірінші партиясы Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында орналасқан суық қоймаға жеткізілді.
Вакцинация науқаны 2021 жылдың 15 қарашасында № 5 қалалық емханада басталды. Алғашқылар болып Комирнати вакцинасымен облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі мен медициналық мекемелер қызметкерлерінің балалары егілді. Вакцинация процедурасынан бұрын дәрігерлер оқушыларға медициналық тексеру жүргізіп, Комирнати вакцинасы туралы қажетті ақпаратты ұсынып, туындаған барлық сұрақтарға жауап берді. Содан кейін вакцинацияланғандар жарты сағат бойы медициналық бақылауда болды. Вакцинадан кейінгі реакциялар тіркелген жоқ.
Жамбыл облысында 139 мың адам Комирнати вакцинасымен иммундауға жатады, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы 92 мыңнан астам жасөспірім, 20 мыңнан астам жүкті және бала емізетін 26 мың әйел. Жасөспірімдерді вакцинациялау ата-аналардың және олардың заңды өкілдерінің ерікті түрде ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
Бүгінгі күні облыста барлығы 24 адам Комирнати вакцинасымен егілді, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны 23 және бала емізетін 1 әйел.
Әлемдегі пандемияның жалғасуын ескере отырып, біз халықты вакцинациялауға және қарапайым шараларды сақтауға шақырамыз: бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қол гигиенасы. Осы талаптарды сақтаған жағдайда ғана біз коронавирустық инфекцияның пандемиясын толығымен жеңіп, барлық карантиндік шектеулерді алып тастай аламыз.

Біз коронавирустың ұжымдық ауру екенін түсінуіміз керек және біз тек бірлесіп нәтижеге қол жеткізе аламыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!