Pfizer вакцинасын егудің дайындық шаралары басталды

Pfizer вакцинасын егудің дайындық шаралары басталды

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Жамбыл облысында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау жүргізу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының қоймасына -90-нан -60 градусқа дейінгі температуралық режімде Комирнати (Pfizer) екпесін сақтауға арналған 2 мұздатқыш алынды. Жақын күндері вакцинаның алғашқы партиясының аймаққа жеткізілмек. Тараз қаласы мен аудандардағы емханаларға екпе арнайы термоконтейнерлермен тасымалданады және +2-ден +8 градусқа дейінгі температуралық режімде тоңазытқыштарда сақталады. Егу науқанының басында Pfizer Тараз қалалық 9 емханада, Шу қаласының және он аудандық емхана ларда ұйымдастырылады. Жасөспірімдерді, оқушылар мен студенттерді иммундау шараларын оқу орындарының медициналық пункттері, яғни аумақтық емханалар дәрігерлерінің көшпелі бригадасы жүргізеді. Қазіргі уақытта медициналық кадрларды: педиатрларды, акушер-гинекологтарды, жалпы тәжірибе дәрігерлерін, вакцинаторларды, мектептер мен колледждердің медицина қызметкерлерін, тіркеушілерді, психологтарды даярлау бойынша семинар-тренингтер, Pfizer вакцинасын егу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мен оқыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санэпидбақылау департаментінің мамандары мобильді топпен бірге Тараз қа ласы мен аудандардың медицина қызметкерлерін даярлау және оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері, ата-аналар, жасөспірімдер мен антиваксерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде практикалық көмек көрсетіп жатыр. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Талас аудандары мен Тараз қаласындағы он екі республикалық, облыстық және көшпелі өңірлік семинарларда барлығы 700-ден астам медицина маманы оқытылды. Сондай-ақ, дәрігерлер 193 оқу орнының басшылары, оқытушылары, психологтары, ата-аналары, жасөспірімдері мен антиваксерлері арасында 12-17 жас аралығындағы жеткішектерді вакцинациялау мәселесін талқылап, 30 дөңгелек үстел мен отырыс өткізген. Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың, ата-аналар мен ұстаздардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.