Электрондық үкімет - заман талабы

Электрондық үкімет - заман талабы

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына – ақпараттық қоғамға аяқ басты. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қалмасы түсінікті. Күнделікті тіршілікте біздің көп уақытымыз мемлекеттік қызмет алу үшін кезек күтумен өтеді, жол шығындары да бар. Осылардың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру қажет болды. Электрондық үкімет порталы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бір терезе принципі бойынша жеңілдету мақсатымен құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бір нүктесі: үкіметпен ашық диалог. Яғни, түрлі анықтамалар алу (мекен-жай, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы және т.б.), баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақша кезегіне тіркеу, кредиттік карта көмегімен БАЖ салығын төлеу, зейнетақы тағайындау туралы ақпарат алу және т.б. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді электронды түрде алу үшін тек халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электрондық цифрлық қолтаңба және интернет желісі жұмыс істейтін компьютер қажет.

«Электрондық үкімет» веб-порталын құруға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10-шы қарашада  «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құру туралы мемлекеттік бағдарламасы» туралы Үкімі негіз болды. «Электрондық үкімет» порталы
2006 жылы іске қосылды.

Электрондық үкімет – халықтарды ел үкіметімен тікелей байланыстыруды қамтамасыз ететін жүйе. Бұл процесс азаматтардың саясаттық қатысуымен қызмет көрсету процесінің және техникалық орталық, Интернет және қазіргі заманғы СМИ көмегімен ішкі және сыртқы қатынастардың өзгеруі жолымен жүретін басқару процесінің үздіксіз оптимизациясы. 
Қазақстанда «Электрондық үкімет» азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдардың қызметінің ақпараттық базасымен байланысты қамтамасыз етуге, мемлекеттік аппарат құрамы бойынша эффективті және тиімді құрылуына бағытталған 
«Электрондық үкімет» азаматтардың мемлекетпен өзара әсерін және мемлекеттік қызметпен байланысын тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн, географиялық орналасуы мен жыл мезгілдерінен тәуелсіз қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік мекемелердің барлық қызмет түрлері әрбір адамға кез-келген уақытта қызмет көрсетуі тиіс.
«Электрондық үкіметтің» басты приоритеті Интернетпен байланыс, ақпараттық – коммуникациялық технология шеңберінде білім деңгейін арттыру, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесі модернизациясын өткізуді қамтамасыз ету болып табылады. 
Осы бөлімді оқу барысында электрондық үкіметтің мақсаты, электрондық үкіметтің міндеттері қарастырады, сонымен қатар, электрондық үкіметтің субъектілері арасындағы қатынасты зерттеуге, электрондық үкіметтің қызметтерімен танысуға бағытталған. Материал азаматтардың, басқарушы субъектілердің, мемлекеттік қызметкерлердің Электрондық үкімет жұмысымен тәжірибе алу үшін ұсынылған.

Электрондық үкіметтің негізгі түсінігіне мыналар жатады:мемлекеттік берілгендер базасы, Жеке тұлға, Заңды тұлға,Мекен-жайлық тіркеу; Қозғалмайтын мүлікті тіркеу; электрондық құжаттардың жүйесі; бірыңғай транспорттық орта; мемлекеттік орган;ақпараттық қауіпсіздік; ақпараттық-коммуникациялық технология;ақпараттық жүйе; электрондық үкімет порталы; мемлекеттік органдар үшін куәландыратын орталық; электрондық қызметтер; web-қызметтер;е-қызметтер (болып табылатын қызмет); е-үкімет (мемлекеттік органдар функционерлеу механизм,ақпараттық-коммуникациялық технология кең қолданылуы жолымен азаматтарды және ұйымдарды қызметпен қамтамасыз ету); мемлекеттік қызметтер(мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін,Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік процедураларды орындауға бағытталған қызмет); АКТ(ақпараттық-коммуникациялық технологиялар);е-банкинг (ұйымдар мен банкілік есептеулерді басқаруды Интернет арқылы байланыстыру ); ақпарттық теңсіздік(халықтардың әртүрлі әлеуметтік топтары мен әртүрлі білім деңгейі түрінде АКТ-ды қолданудың тепе-теңсіз мүмкіндіктері;е-қызметпен қамтамасыз етушілер(мемлекеттік органдар,ұйымдар мен басқа да басқарушы субъектілер); е-қызмет регламенті(әкімшіліктік және басқа да процесстерге бағытталған тізбекті әсерлердің жиыны ).

Электрондық  үкіметтің  мақсаттары мен міндеттері:

Электрондық  үкіметтің  құрылуы мақсатына азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдардың қызметінің ақпараттық базасымен байланысты қамтамасыз етуге,мемлекеттік аппарат құрамы бойынша эффективті және тиімді құрылуына бағытталған.

Электрондық үкімет ұйымының негізгі міндеті мемлекетке,азамттар мен ұйымдарға мүмкіндік туғызатын нормативті-құқықтың және әдістемелік базаның құрылуы болып табылады;мемлекеттік органдардың электрондық қызметінің қалыптасуы мен дамуы;Электрондық үкімет қызметі байланысымен қамтамасыз ету,ақпараттық-коммуникациялық технология аясында білім деңгейін арттыру мен жергілікті ақпараттық теңсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;е-үкімет инфрақұрылымынң базалық компоненттерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оптимизациялау;Электрондық үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

 ХҚКО Байзақ аудандық бөлімі жетекші маман

Қанатов Сағыныш Абашұлы