Меню
Страницы
Деятельность
Аппарат акима
Документы
Пресс-центр
Контакты
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

Руководитель центра "Рухани жаңғыру" - в нашем районе

Руководитель центра "Рухани жаңғыру" - в нашем районе

Тарихымызды жаңғыртып, ұлттығымызды ұлықтап, ауызбіршілігімізді нығайтып, одан әрі арттыра түсу тұрғысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қосар үлесі сүбелі.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес АҚ-ы «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова бастаған топ өкілдері ауданымызға арнайы іссапармен келген болатын. Аталмыш орталық өкілдерін аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова қарсы алды.
Алғашқы жұмыс сапарын өткен жылы облыстық «Үлгілі ауыл – 2020» байқауына қатысып, жүлделі екінші орынға ие болған Ынтымақ ауылдық округінің Мәдімар елді мекенінен бастаған топ мүшелері ондағы бірқатар нысандарды аралады. Қонақтарды ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауылдық округтің әкімі Мейірбек Ноғаев  «Мәдімар» стелласынан күтіп алып, елді мекеннің бүгінгі тыныс - тіршілігімен таныстырды. Жыл өткен сайын жаңарып, жаңа келбетке ие бола бастаған ауылдағы «Даңқ кешені», «Алғашқы механизаторлар аллеясы», «Ардагерлер аллеясы», былтыр күрделі жөндеуден өткізілген ауыл әкімшілігі мен «Ашық әкімдік», Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебін аралады. Жанар Қалиқанқызы мұндағы ілкімді істерге тәнті болып, осындай тарихи мағыналы ескерткішті басқа ауылдарға үлгі ету керектігін айтты.
- Өздеріңіз көріп тұрғандай, ауыл азаматтары тарапынан көптеген қолдаулар болып жатыр. Атап айтсам, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1981 жылғы түлектер білім беру ошағының айналасын көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарын атқарды. Ал, «Мәдімар» мешітіне 1982 жылғы түлектер адам отыратын бастырма (навес), 1983 жылғы түлектер отын сақтайтын бастырма орнатса, 1972 жылғы түлектеріміз евроқоршау жасауға атсалысты, - деді ауыл әкімі.
Соңғы жылдары облыс көлемінде игі дәстүрге айналған «Ассарлатып үй салу» жобасы негізінде аз қамтылған Пернебек Тыныштықбаевтың отбасына салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысын көрді. Еңселі бес бөлмелі тұрғын үйдің  іргетасын ағайындары, қабырғасын құрдастары, үйдің шатырын ауыл жастары жауып берген. Ауылдық округтегі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берген топ мүшелері ризашылықтарын жеткізді.
Жұмыс сапары одан әрі Сарыкемер ауылының шығыс бетінде орналасқан, Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі саналатын «Байзақ батыр» кесенесінде жалғасты. Аталған кесене «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы бойынша 100 нысанның тізіміне енген. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскер ұйымдастырушысы Айнагуль Мамытбекова кесене тарихына шолу жасады.
Бүгінде тарихи нысанға инфрақұрылым тартылып, туристік аймаққа айналдыру мақсатында жұмыстар жүзеге асырылуда. Аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен кесенеге апаратын жол салынып, кеспе тастар төселген. Сондай-ақ, кесене маңайы жарықтандырылып, айналасы қоршалған. Келер жылы мұнда жеміс ағаштарын отырғызып, қонақтарға демалу орындарын салу жоспарланған.
Бұдан соң топ мүшелері Сарыкемер мектеп-гимназиясында ашылған «Жомарт түлек» орталығының жұмысына куә болды. Онда аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен «Жомарт түлек - 2021» түлектер кездесуі ауданда да жалғасын тапқанын және туған жері мен халқына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосып отырғанын айтты. Туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту, әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін тарату, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және өзге де салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруды мақсат тұтқан «Жомарт түлек» орталығы алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек. 
- Бөлім қызметінің негізгі мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын тиімді іске асыруды сараптамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады, - деді «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова. - Қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы ғылыми-әдістемелік базаны қалыптастыру қызметін үйлестіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қоғамдық-саяси жағдайды мониторингілеу және талдау, қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бақылау да аталған орталықтың негізгі міндеттері - дей келе, Жанар Қалиқанқызы аталмыш «Жомарт түлек» орталығына методикалық көмектер көрсетілетінін жеткізді.
Іссапар аудандық тарихи – өлкетану музейінде қорытындыланды. Қонақтар музей қызметкерлері мен Кенен Әзірбаев атындағы саз мектебі және әль-Фараби атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған іс – шараны тамашалады.
Мұндағы шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, бағдарламаның арнайы жобасы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» аясында «Ұлы даланың көне сарындары» атты қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
«Ұлы даланың көне сарындары» атты қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарын насихаттау мақсатында, халықтың мәдениеті мен тарихының бір бөлігі саналатын домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай және тағы да басқа аспаптарымен музей экспозициясында көрме қойылды. Қазақ халқының күйі «Кербез қыз»,  Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» орындалды. Соңынан қонақтар музей ішіндегі экспозиция залдарымен танысып, өзара алған әсерлерін ортаға салды.
Қонақтар естелікке суретке түскен соң, Тараз қаласына аттанып кетті.

Дата публикации
19 августа 2021
Направления деятельности
Рухани жаңғыру
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК