Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Қауіпті індет - коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында адам көп шоғырланатын жерлер мен әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. "Ветеринариялық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жұмысшылары (бұл жұмысқа 1,2 млн. теңге бөлінген) аудан орталығындағы "NurOtan", "ҚазПошта", Халыққа қызмет көрсету және аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығы, К.Орынқұлов көшесі бойындағы "Отбасы аллеясы", "Дәмді себет", "Арзан", "Фиркан" сынды ірі сауда дүкендерінің аулаларына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес, тұрғындар көп келетін аудандық әкімдіктің, "NurOtan" партиясының ғимараты, аудан әкімдігі жұмыспен қамту, АХАЖ (ЗАГС) және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ішкі жақтары да дезинфекциялануда. Бұған жергілікті қазынадан 800,0 мың теңге қарастырылған.