"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлушаш Даулбаеваның ұйымдастыруымен Түймекент ауылының тұрғыны, көпбалалы ана, “Алтын алқа” иегері, тігінші Майра Күздеубаевамен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Айтулы кездесуде 9 – сынып оқушылары: Арайлым Қадырбек, Ұлбосын Тұрғын, Айым Мұхтар, Әсем Қарлықбай қатысып, құрақ көрпе-көпшік тігумен, қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерін көрпе бетіне тігілуі, әрқайсының мәні, мағынасы мен атауларымен танысты.
Тігінші Майра Нышанбайқызы қазақтың ою-өрнегі, құрақ түрлеріне, күнделікті тұрмыстағы қолданатын бұйымдарды нақыштап безендіруде құрақ пен ою-өрнектің жиі қолданылатындығын айтып, пішіп-тігу кезінде матаның түсіне мән беру керектігін түсіндірді.
Жастар өз кезегінде құрақ тігу, өрнек ою өнеріне қызығушылықтарын танытып, Майра Күздеубаеваның иығына орамал жабу арқылы алғыстарын білдірді.

Нұржан Тленов, 
Түймекент ауылдық округі жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.