437 бизнес нысаны «ASHYQ» жобасына тартылды

437 бизнес нысаны «ASHYQ» жобасына тартылды

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру жалғасуда. Ағымдағы жылдың 26 ақпанынан бастап бұл жоба қызмет түрлерінің объектілерінде іске асырылуда - бұл фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулинг клубтары.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтып өткендей, бүгінгі таңда жобаға 437 нысан тартылған, қосымшаны 175 000 пайдаланушы жүктеген. Нәтижесінде, тәулігіне 34 000-ға жуық фиксация бар, 347 «қызыл» келуші анықталды.
«Бұл карантиндегі адамдардың өзін - өзі оқшаулау режимін бұзғанын көрсетеді», - деді М.Шоранов.
5 мамырға дейінгі кезеңде «Ashyq» жобасын пайдалана алатын қызмет түрлері кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады, 26 сәуірден бастап жоба еліміздің барлық өңірлеріне кеңейтілетін болады. «Ashyq» жобасын кеңейту кезеңдері ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің а. ж. 13 сәуірдегі қаулысымен бекітілді. Бұдан басқа, «Ashyq» жобасын енгізу, жобаға жаңа қатысушыларды қосу және алып тастау алгоритмдері бекітілді, онда объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілері анықталған жағдайда, егер объект келушілерді 3 күннен артық check-in жүргізбесе, жобаға қатысушыны алып тастау көзделген. Сонымен қатар, қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобаға 2 аптадан ерте орала алмайды.