Денсаулық сақтау вице-министрі азаматтарды дәрігерлердің айтқанына мұқият құлақ асуға шақырды

Денсаулық сақтау вице-министрі азаматтарды дәрігерлердің айтқанына мұқият құлақ асуға шақырды

Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Гиният қазақстандықтарды дәрігерлердің айтқанын орындауға, ал вирустық инфекцияның белгілері байқалса, өзін-өзі емдемеумен айналыспауға шақырды.
А.Ғинияттың айтуынша, азаматтар әлі де КВИ-ге шалдығуда. Сондықтан вице-министр қауіпсіздік шараларын және санитарлық гигиена ережелерін сақтауға шақырды: қолды жиі жуып, арнайы антисептикалық құралдарды қолдану керек, бөлмені желдету қажет және жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрын мен ауызды жабыңыз, жеке тұрмыстық заттарды пайдаланған дұрыс.
«Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шықпаңыз, жұмыстағы басшылыққа бойыңызда вирустық инфекцияның белгілері бар екенін ескертіңіз, отбасының басқа мүшелерінен оқшаулаңыз, емханаға қоңырау шалыңыз, учаскелік дәрігерге SMS жіберіп, жағдайыңызды хабарлаңыз. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз! Профилактикалық тексеруден өтіп, дәрігерлердің ұсынымдарына құлақ асыңыз, - деді А.Ғиният.