КОНСТИТУЦИЯ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ: БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

КОНСТИТУЦИЯ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ: БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Байзақ ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу және Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы маңызын насихаттау мақсатында өткен «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсының аудандық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараны Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» ұйымдастырды
Салтанатты жиынға Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы Қасымов қатысып, отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол байқауға қатысқан барлық отбасыларға алғысын білдіріп, олардың жас ұрпаққа үлгі болып отырғанын жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша:

 І орын – Есбергеновтар отбасы
 ІІ орын – Тауасаровтар отбасы
 ІІІ орын – Жетпісбаевтар отбасы

Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін бірқатар отбасылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаз Есбергеновтар отбасын аудандық кезеңдегі жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз.