5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Байзақ ауданында экологиялық тазалықты сақтау және тарихи-мәдени мұраларды күтіп ұстау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Аталған шара барысында «Байзақ датқа» кесенесі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіліп, айнала қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, кесене маңындағы аумақ абаттандырылып, шөптер орылып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тарихи нысандардың тазалығын сақтау болып табылады