13-14 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылайды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттер сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.