Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

17 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселелері бойынша Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жұмысқа Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, құқық қорғау және арнайы органдардың, салалық министрліктердің, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, байланыс операторларының және онлайн-платформалардың басшылары қатысты.

Отырыс барысында соңғы үш айда киберқылмыстар саны азайып келе жатқаны атап өтілді.

Ағымдағы жылы мұндай құқық бұзушылықтар саны 15,1% -ға қысқарды (6 216-дан 5 275-ке дейін).

Оң динамика мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реактивтіден қылмыстық қатерлерге белсенді ден қоюға көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың нәтижесі болды.

Атап айтқанда, кредиттеу саласында қауіпсіздік күшейтілді: «салқындату кезеңі», бірінші қарызды ресімдеу кезінде міндетті жеке қатысу және басқа да қорғау тетіктері енгізілді.

Байланыс саласында да елеулі өзгерістер жүзеге асырылды: SIM-бокстарға тыйым салынды, абоненттерді биометриялық тіркеу енгізілді, операторлар антифродтық жүйелерді қолдануға және алаяқтық қоңырауларды бұғаттауға міндетті.

Сондай-ақ, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы (банк шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына рұқсатты заңсыз беру, беру және сатып алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру) күшіне енген сәттен бастап 446 іс тіркелді.

Ұлттық банк жанындағы Антифрод-орталық арқылы алаяқтық операцияларға байланысты 2,8 млрд теңге бұғатталған.

Цифрлық активтер саласындағы қылмыстарға қарсы күреске, оның ішінде криптовалюталарды ұрлау схемаларының жолын кесуге, сондай-ақ жаппай алаяқтық қоңырауларға, оның ішінде байланыстың виртуалды арналарын пайдалана отырып қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды.