ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТПАҢЫЗ!

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТПАҢЫЗ!

Соңғы кездері мессенджерлерде түрлі қауесеттер мен арандатушылық сипатындағы хабарламалар жиілеп кетті. Есіңізде болсын, жалған ақпарат тарату — қоғамдық тәртіпті бұзады және заңмен жазаланады.
 ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы: Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ірі көлемде айыппұлдан бастап, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 Егер сіз күмәнді ақпарат алсаңыз:
 Оны чаттарға таратпаңыз.
 Ресми мемлекеттік органдардың мәліметіне ғана сеніңіз.
 Арандатушылық әрекеттерді көрсеңіз, бірден "102" нөміріне хабарлаңыз.
Біздің күшіміз — татулықта!
#StopFake #АнтиФейк #ЖамбылБерекесі #ҚұқықтықМәдениет